Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтті

Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен

  • 29 Қазан 2015
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Зайырлы мемлекет және жоғары руханият — болашағы біртұтас ұлт тұғырнамасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V Форумы болып өтті.

Форумның мақсаты — мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу  және еліміздегі дінтанулық білім беру сапасын жетілдіру мәселелері бойынша  дін саласындағы мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы диалогты одан әрі дамыту болып табылады.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, жалпы білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» факультативті курсының мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тардың өкілдері қатысады.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.А.Әзілханов форумдағы құттықтау сөзінде еліміздің еліміздің дін саласындағы ғылыми-сарапшылар қауымдастығының басын біріктіріп отырған Дінтанушылар форумы осы жылдар аралығында еліміздің зияткерлік және рухани әлеуетін біріктіретін және діни саладағы проблемалық мәселелердің шешімін табу тетіктері пысықталатын толыққанды әрі пәрменді диалог алаңына айналып үлгерді деп атап көрсете келе, өз ойын бүгінгі өткізілген іс-шараның идеологиялық желісі, ең біріншіден, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуындағы зайырлы қағидаттарды ілгерілетуге бағытталған идеяларын ой елегінен өткізуге және қоғам өмірінде дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталуы тиіс деп тұжырымдады.

V Форумның жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары К.Бұрханов пен Б.Смағұл, ҚР МСМ Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин және басқа да қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.


Форум жұмысы өзекті мәселелерді талқылауға арналған секциялық отырыстармен жалғасын тапты.

Форум аясында еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде  оқытылатын «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдерін, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дін істері басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қызметкерлерін, экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша спектакльдер мен фильм режиссерларын және сценаристерін марапаттау рәсімі болып өтті.
null

Соңғы жаңалықтар