Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайының қорытынды мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайының қорытынды мәжілісі басталды

Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайының қорытынды мәжілісі басталды

Бүгін, 27-тамызда Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайының қорытынды мәжілісі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2004
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы шақырған екінші құрылтайға еліміздің түпір-түкпірінен келген экономиканың барлық саласы мен әлеуметтік саланы қамтитын 300-дей өкіл қатысуда.

Құрылтайдың қорытынды мәжілісін ашқан Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевтың айтуынша, «бұл форумның басты мақсаты еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру, экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауында алға қойылған таяу уақыттардағы және стратегиялық мақсаттарды шешудегі ролін арттыру болып табылады».
Құрылтайдың қорытынды мәжілісі барысында еңбек өнімділігін арттыру, еңбекшілер мен кәсіподақ ұйымдарының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, агроөнеркәсіптік және тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға мүдделілікпен атсалысуы туралы мәселелер қаралады деп күтілуде.
Құрылтай қорытындысы бойынша бірқатар қорытынды құжаттар қабылданады. Атап айтсақ, «Еңбекке лайықты жағдай жасау үшін, еңбекшілердің құқығы мен әлеуметтік кепілдіктері үшін» атты резолюция, «Қазақстан еңбекшілерінің мүддесіне жаппай сәйкесетін болашақ Еңбек кодексі үшін» атты мәлімдеме мен «Жалдамалы еңбекшілердің құқығын қорғау ісінде кәсіподақ ұйымдарының ролін арттыру» атты қаулылар қабылданады. Сондай-ақ, құрылтайға қатысушылар денсаулыққа зиянды және ауыр еңбекпен шұғылданған адамдар үшін әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру туралы өтінішпен республика үкіметіне шықпақшы.
Қазақстан еңбекшілерінің алғашқы құрылтайы 1998-жылдың қараша айында өтті.

Перейти к новостям спорта