Астанада Қазақстан футбол клубтарының дәрігерлеріне арналған семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан футбол клубтарының дәрігерлеріне арналған семинар өтеді

Астанада Қазақстан футбол клубтарының дәрігерлеріне арналған семинар өтеді

Қыркүйектің 18-інде Астанада Қазақстан футбол клубтарының дәрігерлеріне арналған семинар болады. Оны әлемге танымал неміс маманы, доктор Томас Пфайфер өткізеді. Шараны Қазақстан футбол федерациясы мен «Локомотив» футбол клубы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Семинардың басты мақсаты - отандық спорт саласындағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру.

  • 14 Қыркүйек 2010
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Томас Пфайфер — спорт медицинасы әлемінде дүние жүзіне танымал, біліктілігі жоғары маман. Ол бірегей әдістемелерді ойлап тапқан. Доктор Пфайфер спортшыларды жан-жақты емдеп, сауқтыруға маманданған. Ол өзінің еңбек жолын 1984 жылы бастады және он жыл бойы (1987-1996 жылдары) Кельндегі университеттің хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. 1996 жылы доктор Пфайфер Леверкузенде травматологиялық орталық ашты. Гандболдық және «Байер» футбол клубында жұмыс тәжірибесі бар», делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Саят Хамитжановтың сөзіне қарағанда, Доктор Пфайфер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісу туралы ұсынысты жақсы қабылдаған. «Шын мәнінде бұл өте айтулы оқиға болайын деп тұр. Өйткені, әлемдік спорт медицинасында бұндай деңгейдегі мамандар саусақпен санарлық. Доктор Пфайфер спорттағы травматология саласында әлемге әйгілі маман. Оның Леверкузендегі орталығында көптеген футболшы аяғынан тік тұрып кетті», дейді С. Хамитжанов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера