Астанада «Қазақстан - ғарыш айлағы» көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазақстан - ғарыш айлағы» көрмесі ашылады

Астанада «Қазақстан - ғарыш айлағы» көрмесі ашылады

9 сәуір күні «Назарбаев орталығы» ММ-де «Қазақстан - ғарыш айлағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Іс-шараның мақсаты: халқымыз бен мемлекетіміздің игілігі жолындағы отандық ғарыш саласының дамуындағы сәтті де жемісті жұмыстарды көрсету.

  • 9 Сәуiр 2013
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

1961 жылы 12 сәуірде адамзат баласы ежелден келе жатқан арманын тұңғыш рет жүзеге асырды — жердің тартылыс күшін жеңіп, жерді ғарыштан бақылауға мүмкіндік алды. «Восток» ғарыш кемесімен «Байқоңыр» ғарыш алаңынан Юрий Гагариннің көкке самғауы өркениеттің дамуындағы жаңа дәуірді ашты. Жер шарын айналған орбиталық ұшу — көрнекті кеңестік конструкторлардың таланты мен ғарышкерлердің батылдығының арқасында іске асқан алғашқы ғарышқа бастаған қадам болған еді.

Ғарышты бағындыруда Қазақстан тарихтан лайықты орын алады. 2013 жылы 2 қазанда ғарыш кеңістігінде болған тұңғыш қазақ — еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіровтің ерлігіне 23 жыл толады.

«Қазақстан — ғарыш айлағы» көрмесіне Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары «Назарбаев орталығы» ММ-не сыйға берілген ғарышқа ұшуға қатысты, ғарышкерлерге байланысты материалдар, фотосуреттер, ғарышкерлердің қолтаңбасы қойылған портреттері, төссбелгілері, маркалар, кәдесыйлар келушілердің назарына ұсынылады.

Тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесі де адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныстырып, толықтырып тұрады.

Көрменің ашылуына ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, дипломатиялық миссиялардың, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысады.

«Қазақстан — ғарыш айлағы» көрмесі өз жұмысын 14 сәуірге дейін жалғастырады.

Перейти к новостям спорта