Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы өтеді

Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы өтеді

30-қазанда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы өтеді. Бүгін, 10-қазанда бұл шараға дайындық барысы туралы Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 573
Фото - Caravan.kz

Р.Баталовтың айтуына қарағанда, «форумның басты мақсаты- бизнес саласындағы экономикалық процесстерге әсер ету тетіктерін қалыптастыру» болмақ. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы төрағасының пайымдауынша, «қазіргі бизнес пен биліктің өзара ықпалдастық тетіктері тиімсіз болып отыр». Кәсіпкерлер бұл бас қосуда кәсіпкерлік саласын реттеуші мемлекеттік құрылымдарды реформалауға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізбек ниетте.

Атап айтсақ, әңгіме — әкімшіліктердің жанындағы сарапшылар кеңесі туралы болып отыр . Кәсіпкерлердің пайымдауынша, бұл құрылымдардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін бұл ұйымдарға кәсіпкерлік өкілдері қамтылуы тиіс. Р.Баталовтың атап көрсетуінше, «бұл комиссиялардың іс-қызметіне қатысты тұрақты қоғамдық тыңдаулар өткізіп тұру қажет». Кәсіпкерлердің пайымдауынша, қоғамдық комиссиялардың жұмысына кәсіпкерлерді қатыстыру нәтижесінде кәсіпкерліктің мәртебесі көтеріледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер тауарды сертификациялау және сараптамалар өткізуге қатысты мемлекеттік құрылымдардың функциясының бір бөлігін қоғамдық ұйымдарға беру туралы ұсыныс енгізіп отыр.
Кәсіпкерлердің хабарлауынша, сондай-ақ, Форумда олар елімізде ағаш өңдеу және сүт өнеркәсіптерін дамыту жобаларын ортаға салады. Бұл жобаны салалық министрліктер, Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы, Әлемдік банк пен шетелдік коммерциялық банк өкілерінен құралған Қазақстандық және шетелдік сарапшылар дайындады.
Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы алдағы шара бағдарламасының кейбір егжей-тегжейіне тоқталды. Р.Баталовтың айтуынша, форумның бірінші бөлімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді. Бұл бөлімде , сонымен бірге, қоғамдық тыңдау өткізіліп, ҚР индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан кәсіпкерлері форумы мен аймақтардан келген кәсіпкерлер өкілдері сөз сөйлейді. Форумның бірінші бөлімі Елбасының сөзімен аяқталады. Шараның қалған бөлігінде қоғамдық тыңдаулар одан әрі жалғасын тауып, еліміздің бірқатар кәсіпкерлері жарыссөзге шығады. Түстен кейін форумға үкімет басшысы Дариал Ахметов қатысады. Форум жұмысы еліміздің маңдай алды кәсіпкерлеріне жыл сайынғы сыйлықтар мен сапа саласындағы наградаларды табыс ету шарасымен аяқталады. Шараның осынау салтанатты бөлігі мемлекет басшысының, мемлекеттік шенеуніктер мен танымал бизнесмендердің қатысуымен кешке қарай өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар