Астанада Қазақстан халықтары ассамблеясының "Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі : тәжірибе, практика және болашақ" деген тақырыптағы 10 сессиясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан халықтары ассамблеясының "Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі : тәжірибе, практика және болашақ" деген тақырыптағы  10 сессиясы басталды

Астанада Қазақстан халықтары ассамблеясының "Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі : тәжірибе, практика және болашақ" деген тақырыптағы 10 сессиясы басталды

Бүгін, 23-желтоқсанда Елордасындағы Конгресс-холл сарайында күн тәртібіне "Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі : тәжірибе, практика және болашақ" деген тақырып шығарылған Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясы басталды. Оған мыңнан астам адам қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 769
Фото - Caravan.kz

Сессияны Ассамблея төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашады. Онда БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Фикрет Акчура, Еурокомиссияның Қазақстандағы өкілдігінің төрағасы Алан Ваддамс, ассамблея мүшелері, мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов, ҚР орыс общинасының төрағасы Юрий Бунаков, ҚР корейлері қауымдастығының төрағасы Юрий Цхай, еврейлердің «Мицва» мәдени орталықтары қауымдастығының президенті Александр Барон сынды адамдар баяндама жасайды.

Сессияның жұмыс қорытындысы бойынша Ассамблея мүшелері арнайы мәлімдеме қабылдап, онда Қазақстан қоғамын, бейресми ұйымдарды, БАҚ-тар мен саяси партияларды өзара келісім рухы мен этиканы сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында жоғары моральдық принциптерді ұстануға шақырмақшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан халықтары ассамблеясы Қазақстан Елбасының жарлығымен 1995-жылдың 1-наурызында құрылған. Қазір оның құрамында 320 ұлттық-мәдени бірлестіктер мен еліміз аймақтарын түгелдей қамтыған Кіші ассамблея құрылымдары бар.

Соңғы жаңалықтар