Астанада Қазақстан мен Францияның ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Францияның ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Астанада Қазақстан мен Францияның ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Астанада Қазақстанның құқық қорғау мекемелерінің жетекшілері мен Францияның ішкі қауіпсіздік жөніндегі атташесі Жан Люк Дебу мырзаның кездесуі өтті. Онда екі ел арасындағы ұйымдасқан қылмыс, озық технологиялар саласындағы қылмыстар, есірткі саудасы, лаңкестік және заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2005
  • 467
Фото - Caravan.kz



Кездесуде Қазақстандық тәртіп сақшыларын Францияда оқыту, өзара тәжірибе алмасу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ақыл-кеңестер беру мәселелеріне баса назар аударылды.
Атташемен кездесуге аса ауыр қылмыстармен күресті үйлестіру орталығының, «Интерпол» Ұлттық орталық бюросының, ҚР ІІМ-нің қылмыстық полициясы департаментінің жетекшілері қатысты .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта