Астанада Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтеді

Астанада Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтеді

Қазақстан мен Грузия арасында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері 10 маусымда, Астанада өтетін тараптардың Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультацияларында сөз болады.

  • 7 Маусым 2011
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның айтуынша, отандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев, ал қонақтарды — Сыртқы істер министрінің орынбасары Николоз Вашакидзе басқаратын болады.

«Аталған консультациялар аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты талқылау жоспарлануда», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар