Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Оның айтуынша, отандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев, ал қонақтарды — Сыртқы істер министрінің орынбасары Николоз Вашакидзе басқаратын болады.
«Аталған консультациялар аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты талқылау жоспарлануда», — дейді ол.