Жарияланды: 310

Астанада Қазақстан мен Испания Іскерлік кеңесінің II отырысы өтіп жатыр

Астанада Қазақстан мен Испания Іскерлік кеңесінің II отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанадағы «Рамада плаза» қонақүйінде Қазақстан - Испания іскерлік кеңесінің II отырысы басталды.

Отырыстың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Бақытжан Жақсалиев атап көрсеткендей, өткен жылы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда-саттықтың көлемі 1 млрд. 280 млн. АҚШ долларын құрады. Екіжақты байланыстар, көбінісе, Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында дамып келеді. «Дегенмен, біздің сауда-экономикалық әлеуетіміз толыққанды игеріліп жатқан жоқ. Оны кеңейте түсу қажет. Әсіресе, біз Испанияның отандық құрылыс материалдарын өндіру саласына келуін қалаймыз», - деп атап көрсетті Б.Жақсалиев. Қазақстан - Испания іскерлік кеңесінің II отырысы бес топқа бөлініп, жұмыс істеуде. Бірінші топ - электроника, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар, екінші топ - көлік пен инфрақұрылым, үшінші топ - энергетика, машина жасау, химия, мұнай химиясы, экология және қоршаған ортаны қорғау, төртінші топ - ауыл шаруашылығы, ал бесінші топта туризм және қызмет көрсету саласындағы бірлескен жобалар талқылануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін