Астанада Қазақстан мен Испания Іскерлік кеңесінің II отырысы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Испания Іскерлік кеңесінің II отырысы өтіп жатыр

Астанада Қазақстан мен Испания Іскерлік кеңесінің II отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанадағы «Рамада плаза» қонақүйінде Қазақстан - Испания іскерлік кеңесінің II отырысы басталды.

  • 6 Қараша 2012
  • 294
Фото - Caravan.kz

Отырыстың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Бақытжан Жақсалиев атап көрсеткендей, өткен жылы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда-саттықтың көлемі 1 млрд. 280 млн. АҚШ долларын құрады. Екіжақты байланыстар, көбінісе, Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында дамып келеді. «Дегенмен, біздің сауда-экономикалық әлеуетіміз толыққанды игеріліп жатқан жоқ. Оны кеңейте түсу қажет. Әсіресе, біз Испанияның отандық құрылыс материалдарын өндіру саласына келуін қалаймыз», — деп атап көрсетті Б.Жақсалиев.

Қазақстан — Испания іскерлік кеңесінің II отырысы бес топқа бөлініп, жұмыс істеуде. Бірінші топ — электроника, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар, екінші топ — көлік пен инфрақұрылым, үшінші топ — энергетика, машина жасау, химия, мұнай химиясы, экология және қоршаған ортаны қорғау, төртінші топ — ауыл шаруашылығы, ал бесінші топта туризм және қызмет көрсету саласындағы бірлескен жобалар талқылануда.

Соңғы жаңалықтар