Астанада "Қазақстан мен Корея - сауда және инвестициялық әріптестер" деген тақырыпта бизнес-форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Қазақстан мен Корея - сауда және инвестициялық әріптестер" деген тақырыпта бизнес-форум өтеді

Астанада "Қазақстан мен Корея - сауда және инвестициялық әріптестер" деген тақырыпта бизнес-форум өтеді

19-қыркүйекте Корея президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада "Қазақстан мен Корея - сауда және инвестициялық әріптестер" деген тақырыпта бизнес-форум өтеді. Шараны инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығы, ҚР индустрия және сауда министрлігі мен Кореяның "Кита" халықаралық сауда қауымдастығы бірлесе ұйымдастырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы мен Корея өнеркәсіпшілері федерациясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы — форум аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. «2004-жылдың басынан бері Қытай, Сауд Арабиясы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік өкілдерінің қатысуымен осындай үш ұйым құрылды»,- деп хабарлайды «Қазинвест» орталығының баспасөз қызметінен.

Бизнес-форум шеңберінде сондай-ақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін құру жобасын дамыту үшін «Самсунг» корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделген.
Халықаралық кездесуге екі ел кәсіпорындарынан жүзден астам өкілдер қатысады.

Перейти к новостям спорта