Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты жиын өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты жиын өтуде

Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты жиын өтуде

Бүгін, 4-сәуірде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Қытай ішкі комитетінің алғашқы отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 645
Фото - Caravan.kz

Комитеттің Қытайлық тең төрағасы, ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Чжан Гобаоның айтуынша, Қытай газ өндіру саласында да Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытудан мүдделі. «Бұған дейін энергетика саласындағы ынтымақтастық тек мұнай саласында ғана өрбіп келсе, қазір біз газ өндіруде де үлкен мүмкіндіктерді байқап отырмыз»,- деді Қытай өкілі. Дегенмен, Ч.Гобаоның айтуынша, «бұл үшін ең алдымен газ өндіру саласындағы жобалардың техника-экономикалық негіздемесін жасап, соған сәйкес тиісті шешім қабылдау қажет». Ол Қазақстан жағының кездесу қорытындысы бойынша газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегін зерттеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы ұсынысын Қытай қолдайтынын атап өтті.

Ч.Гобао «Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанына» тоқталды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша сауда-саттық ауқымы 4,5 млрд. долларды құрады. Сонымен бірге Қытайлық кәсіпкерлердің еліміз экономикасына қосқан үлес салмағы мен белсенділігі арта түсті. Мәселен, Ч.Гобаоның айтуынша, CNPS компаниясы Ақтөбеде жүзеге асырып жатқан жобаға 1,4 млрд. доллардың инвестициясы жұмсалды. Республикалық бюджетке төленген салық мөлшері 500 млн. доллардан асты. «Қазақстанда Қытайлық кәсіпкерлерге қатысты ашық саясат жүргізілген жағдайда Қытай Қазақстан экономикасына салатын инвестиция көлемін ұлғайтуға талпынатын болады»,- деді Қытай өкілі.
Комитеттің Қазақстандық тең төрағасы, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиыновтың айтуынша, екі жақты ынтымақтастық аясында Қазақстанда транзитті бағыттар жобалануда. Атап айтсақ, Атасу-Алашанькоу бағытындағы мұнай құбырының құрылысы қолға алынып, бұл мұнай құбырын салу принциптері туралы келісімге қол қойылды.
Өз кезегінде Ч.Гобао Атасу-Алашанькоу бағытындағы мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. «Екі ел үкіметтері қолдаған жағдайда біз мұнай құбырын 16-желтоқсанға дейін пайдалануға бере аламыз»,- деді Ч.Гобао.