Астанада Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясындағы шаралар мен кездесулер өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясындағы шаралар мен кездесулер өткізілуде

Астанада Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясындағы шаралар мен кездесулер өткізілуде

Бүгін, 13-желтоқсанда Астанада ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен кездесуі өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Федерация Кеңесінің күндері жөніндегі баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 492
Фото - Caravan.kz

Екі спикердің кездесуі Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндеріне орайластырылған шаралар бағдарламасындағы алғашқы шара.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың еліміздегі ресми сапары 14-желтоқсанға дейін созылады.
Қазақстандық және Ресейлік парламентшілер екі жақты ынтымақтастықты қорытындылап, экономика, әлеуметтік даму, шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Сапар барысында Федерация Кеңесінің төрағасы ҚР парламенті сенатының депутаттары алдында сөз сөйлеп, «Қазақстан мен Ресейдің индустриалдық-инновациялық саясаты: заңнамалық қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен біртұтастығы» тақырыбы бойынша парламентаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, Федерация Кеңесіне арналған кітап және фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысады.
Сондай-ақ С.Миронов ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев,тармен кездесіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ мен «Бәйтерек» кешенінде болады.

Перейти к новостям спорта