Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды

Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды

Бүгін, 25-маусымда Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 25 Маусым 2003
  • 606
Фото - Caravan.kz

«Біз қазіргі кедейлік тауқыметі туралы және сол кедейлікті азайту бағытында БҰҰ тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы халық-бұқараның хабардарлық деңгейін арттыруды көздедік»,- дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары , әрі жобаның кеңесшілерінің бірі Сельвакумаран Рамачандран. Өткен жылы еліміз бойынша халықтың 24 проценті тақыр кедейлік ахуалында күн кешті , яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті шамасындағы кірісті медеу тұтты. Өткен жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 4761 теңгені құраған.

Жинақта 1990-2000-жылдар аралығындағы халықтың жұмыспен қамтылу, демографиялық даму, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру және экологиялық көрсеткіштер келтірілген. Жинақты құрастырушылардың пікірінше, бұл — еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Жинақ мемлекеттік қызметкерлер, статистикалық мекемелер қызметкерлері мен экономистерге арналған.

Соңғы жаңалықтар