Астанада Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің өкілдігі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің өкілдігі ашылды

Астанада Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің өкілдігі ашылды

Бүгін, 22-қазанда Астанада Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің өкілдігі ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 22 Қазан 2003
  • 644
Фото - Caravan.kz

Осы оқиғаға арналған салтанатты шарада сөз сөйлеген Үндістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Видья Пагар Верма «Елордасында елшілік өкілдігінің ашылу себебі Қазақстанның мемлекеттік мекемелерімен өзара ынтымақтастықты пәрмендендіру қажеттігіне байланысты «,- деп мәлімдеді. Дипломат сондай-ақ, екі ел халықтары арасындағы достық қарым-қатынастардың жемісті дамып келе жатқанына тоқталды.

Өкілдіктің ашылуына қатысқан ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев «дипломатиялық миссиялардың Астанаға қоныс аударуы біз үшін саяси тұрғыдан маңызды»,- деп мәлімдеді. Ол осы орайда «алдағы уақытта Алматыдағы барлық елшіліктер Қазақстанның жаңа Елордасына көшеді» дегенге сенім білдірді.
Ал әзірше Үндістанға виза алу мәселесі Алматыда шешілмекші. «Бұл мәселе 2-3 айдан кейін Астанада да қарала бастайды»,- деді елшіліктің Астанадағы өкілі Варендер Ядав. Елшілік өкілдігінің жаңа ғимараты Есілдің сол жағалауындағы дипломатиялық қалашықта орналасқан. Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктер арасынан Үндістан елшілігі он бірінші болып Астанада өз өкілдігін ашты.

Соңғы жаңалықтар