Астанада Қазақстан үшін Қашаған кенішін игеру бойынша экономикалық жағдайларды жақсартатын жаңа келісімге қол қойылды (кеңейтілген нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан үшін Қашаған кенішін игеру бойынша экономикалық жағдайларды жақсартатын жаңа келісімге қол қойылды (кеңейтілген нұсқасы)

Астанада Қазақстан үшін Қашаған кенішін игеру бойынша экономикалық жағдайларды жақсартатын жаңа келісімге қол қойылды (кеңейтілген нұсқасы)

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан үшін Қашаған кенішін игеру бойынша экономикалық жағдайларды жақсартатын жаңа келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Қазан 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 1997 жылдың 18 қарашасындағы Солтүстік Каспий бойынша өзара өнім бөлісу туралы келісімге қосымша «Б секторы» атты екінші келісім мен «Қашаған» жобасында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының үлесін ұлғайту туралы сату-сатып алу келісім-шартына қол қойылды.

Бұл екі келісімге консорциумға қатысушылар толық қол қойды.

Жаңа уағдаластықтар бойынша функциялар бөлінісі туралы журналистер сауалына жауап берген еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, «теңіздегі бұрғылау жұмыстары үшін Exxon, бұрғылаудан өзге теңіздегі жұмыстар үшін (оффшорлық жұмыстар) Shell, жағалаудағы жұмыстар үшін (оншорлық жұмыстар) Eni, Agip КСО жауап береді. Total жалпы үйлестіру, операциялық компаниядағы үйдестіру жұмыстары үшін, ConocoPhillips — аудит мәселелерін жауаптанады, ал «ҚазМұнайГаз» барлық бағыттарға атсалысады.

«Ал оффшорлық операцияларға келсек, мұнай өндіру кезеңінде Shell мен ҚМГ ҰК құратын арнаулы компания ауқымды операцияларды жүргізетін болады», — деді С.Мыңбаев.

Өз кезегінде ҚМГ ҰК атқарушы директоры Аман Максимовтың айтуынша, бастапқы кезеңде тәулігіне 75 мың баррель мұнай өндіріп, көлемді кейін тәулігіне 370 мың баррельге жеткізу көзделіп отыр. «Бұдан кейін үшінші транш болады, 2-3 жылдан кейін тәулігіне 450 мың баррель, ал 9 жылдан кейін — 1,5 млн баррель мұнай өндірілуге тиіс», -деді ҚМГ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар