Конференцияға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, еліміздің қоғам қайраткерлері, БҰҰ комитеттерінің мүшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар мен зерттеушілер қатысады.
Бас қосуға қатысушылар Қазақстанның БҰҰ бекіткен халықаралық пактілер мен резолюциялар талабын орындау ахуалына баға беріп, республикадағы адам құқығын қорғау әдістемелері төңірегінде пікір алмасады.