Астанада Қазақстандағы тұңғыш балалар филармониясы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстандағы тұңғыш балалар филармониясы ашылады

Астанада Қазақстандағы тұңғыш балалар филармониясы ашылады

Астаналық талантты 20 бала биылғы жылдың қыркүйегінде балалар филармониясының дайындық сабақтарына қатысады.

  • 24 Маусым 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz


Жас әртістер мюзиклдар мен опералар қойылымдарына қатысу мүмкіндігіне ие болмақ, деп хабарланғанastana.kz.

Кастинг сәуір айында өткізіліп, тыңдауға 7-12 жас аралығындағы балалар келді.
Балалар филармониясының көркемдік жетекшілері жас әртістер мен көрермендерді классикалық музыкамен таныстыруды, көрермендерді театр өнеріне тартуды басты мақсат етіп отыр. Репертуарда қазақ және орыс тіліндегі шығармалар болады. Балалар филармониясының алғашқы қойылымы қазақстандық автор Жолан Дәстеновтың «Қаңбақ шал» операсы және В.Дашкевичтің «Пеппи» мюзиклі болмақ.
— Дарынсыз бала жоқ, қолына музыкалық аспап алған балалардың әрқайсысы музыканың құдыретін түсінеді. Кім білсін, балалар филармониясының сахнадағы алғашқы қадамдары өмірлік үлкен жетістіктердің бастамасы болар. Балалар филармониясы балаларымыздың өмірінің әдемі кезеңі болмақ, — деді Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекшісі әрі бас директоры С.Әбдірахманов.
Көрермендер 2015 жылдың 1 қыркүйегінде жас әртістердің өнерін Конгресс-холл сахнасында тамашалайтын болады.

Перейти к новостям спорта