Астанада Қазақстандық және Ресейлік саясаттанушылардың конференциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстандық және Ресейлік саясаттанушылардың конференциясы басталды

Астанада Қазақстандық және Ресейлік саясаттанушылардың конференциясы басталды

Бүгін, 11-маусымда Астанада Қазақстандық және Ресейлік саясаттанушылардың "21-ғасырдағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы : қазіргі заманғы жаңартуларды жүзеге асыру тәжірибесі" тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Маусым 2004
  • 362
Фото - Caravan.kz

Конференция Қазақстандағы Ресей жылы аясында өткізіліп отыр.

Бас қосуда сөз сөйлеген ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтың атап көрсетуінше, «конференция демократиялық процесстерді дамыту және жалпы саяси, экономикалық және мәдени кеңістік қалыптастыру салаларында ғылыми тәжірибе алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс».
Сондай-ақ, С.Әбдірахмановтың айтуынша, екі ел арасындағы терең тарихи тамырластық, аумақтардың жақындығы, дәстүр мен мәдениеттің ортақтығы мен рухани байланыстар екі елді тіптен жақындастыра түсетін факторлар болмақ.
Конференция екі күнге созылады.

Перейти к новостям спорта