Астанада қазақстандық-германдық ІІ Инновациялық форум өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қазақстандық-германдық ІІ Инновациялық форум өтуде

Астанада қазақстандық-германдық ІІ Инновациялық форум өтуде

Астанада қазақстандық-германдық ІІ Инновациялық форум өтуде.

  • 29 Маусым 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Форум Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасының үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысы аясында ұйымдастырылды.

«Біз Германияда инновацияның дамуы үшін жасалып жатқан жағдайларды үнемі жіті бақылап, тәжірибе алмасып отырамыз. Себебі, инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту саласында алдыңғы қатарлы ел болып табылатын Германияға қызығушылығымыз жоғары. Қазақстан елдің инновациялық дамуына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жаңғыртуға, жаңа технологиялар мен озат шетелдік технологиялар трансферттеріне қашан да үлкен маңыз береді», — деп атап өтті форумды ашқан ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау.

А.Рау, өткен жылы Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғанын еске салып, бағдарлама елдің алдағы бес жылға дамуының стратегиялық құжаты болып табылатынын айтты.

Қазақстандық-германдық І Инновациялық форум 2010 жылы 30 маусымда «Қазақстандағы Германия жылы» шеңберінде ІІІ Астаналық экономикалық форум қарсаңында өткен болатын. Форумның нәтижесіне тараптар жоғары баға берді. Содан болар, бүгінгі екінші форумға келген германиялық делегаттардың саны әлдеқайда көп болды. Олардың арасында мемлекеттік органдар мен ірі өндірістік кәсіпорындардың өкілдері бар.

Форумда Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты, инновациялық саясаттың халықаралық аспектілері және қазақстандық-германдық экономикалық қарым-қатынас мәселелері талқылануда. Форумның екінші бөлігінде қатысушылар шикізат секторы және қайта өңдеу, агроөнеркәсіп секторы және инфрақұрылымды дамыту тақырыптарына тереңірек тоқталатын болады.

Соңғы жаңалықтар