Жарияланды: 430

Астанада Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесі алқасының алғашқы отырысы болып өтті

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында кеше Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесі алқасының алғашқы отырысы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа жұмысына Қазақстан жағынан Іскерлік кеңестің төрағасы, "VISOR Holding" инвестициялық топ директорлары кеңесінің төрағасы А.Кәрібжанов, "Атамекен" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Перуашев "Даму" кәсіпкерлігінің қоры" АҚ басқармасының төрағасы Г. Амрин қаытсты. Ал Франция өкілдерін "Тоталь" компаниясының өндіру және барлау бойынша компанияның президенті Ив-Луи Даррикаррер бастап келді. Іскер кеңестің алқа жұмысына Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі Ален Куанон қатысты. Екі жақтың бизнес өкілдерін біріктіретін аталмыш Іскерлік кеңестің алқа жұмысын өткізу Елбасының 2008 жылғы маусымдағы Франция мемлекетіне ресми сапары барысында екі ел президенті Н.Назарбаев пен Н.Саркози арасындағы келісімдерді жүзеге асыру аясындағы жасалған қадамдардың бірі, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін