Астанада Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының ІІ халықаралық форумы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының ІІ халықаралық форумы басталды

Астанада Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының ІІ халықаралық форумы басталды

Бүгін Астанада Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының ІІ халықаралық форумы басталды.

  • 14 Маусым 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Форумның жұмысын ашқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мен Францияның дипломатиялық қарым-қатынастарының даму үдерісі жағымды әрі тұрақты түрде сақталып келе жатқандығын атап өтті. 2004 жылы тікелей байланыстар орнатылып, елдеріміздің ғылыми және академиялық топтарымен өзара алмасулар жүзеге асырыла бастады.

«Ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстар, Президентіміз алдымызға қойып отырған жаһандық міндеттерді жүзеге асырудың негізі болып табылады», — деді М.Орынханов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты — Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының арасындағы ықпалдастықты одан сайын кеңейту және күшейту.

Форумға қатысушылар үш күн бойы студенттердің академиялық ұтқырлығы, ЖОО-ларда басымдықты ғылыми зерттеулерді дамыту, мемлекеттік қызметкерлерді және аудармашыларды даярлаудағы француз тәжірибесін зерделеу, қос дипломды білім беру жүйесін дамыту және екі жақты ынтымақтастықтың болашағы мәселелерін талқыламақ.

Іс-шараға екі елдің Білім және ғылым, сыртқы істер министрліктері, ҚР ЖОО қауымдастығы, Франция университеттері президенттерінің конференциясы, Қазақстанның 38 жоғары оқу орнының және Францияның 20 өкілі қатысуда.

Форум соңында екі ел ЖОО-лары арасында ықпалдастық туралы меморандумдар жасалады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар