Астанада "Қазақстан-КамАЗ" автокөлік консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Қазақстан-КамАЗ" автокөлік консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды

Астанада "Қазақстан-КамАЗ" автокөлік консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды

Бүгін, 1-шілдеде Астанада "Қазақстан-КамАЗ" автокөлік консорциумын құру туралы 2015-жылға дейінгі келісімге қол қойылды ,-деп деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2003
  • 648
Фото - Caravan.kz

Қазақстан тарапынан бұл келісімге ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков , Ресей тарапынан РФ өнеркәсіп, ғылым және технология министрінің бірінші орынбасары Андрей Свинаренко қол қойды.

Бұл еліміздегі машина жасау саласындағы Қазақстан-Ресей аралық ең ірі жоба болып табылады. Консорциумға қатысушылардың үлес салмағына келсек, 20 проценті «КамАЗ» ААҚ-ның, 20 проценті «Астана-Финанс» ААҚ-ның үлесінде, сондай-ақ, консорциумның басқа 6 қатысушысының әрқайсысының үлесіне 10 проценттен үлес тиеді. Жаңа машиналарды Алматыдағы «Іскер» ААҚ құрастырмақ.
«Консорциумды құрудағы басты мақсат — отандық машина жасау өнеркәсібін дамыту болып табылады»,- деді келісімге қол қойылғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Ә.Жақсыбеков. Министрдің мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстан аумағында 42 мың дана «КамАЗ» автокөлігі пайдаланылады екен. Осыған байланысты консорциум алдына аталмыш көлік қамтамасыздығын арттыру, КамАЗ автокөліктерін жөндеуді ұйымдастыру, КамАЗ агрегаттарын пайдалана отырып тракторлар құрастыру, лизинг жолымен ел ішінде аталмыш автокөлік техникасын таратуға ұйытқы болу міндеттері қойылды.
«КамАЗ» ААҚ -ның бас директоры Сергей Когогиннің айтуынша, негізі 1969-жылы қаланған кәсіпорын қазір экологиялық стандарттарға сай келетін қозғалтқышы бар автокөліктер өндіре бастады.

Соңғы жаңалықтар