Астанада Қазақстанның барлық дыбыс режиссерлері бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстанның барлық дыбыс режиссерлері бас қосады

Астанада Қазақстанның барлық дыбыс режиссерлері бас қосады

11-16 тамыз аралығында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 10.00-де дыбыс режиссерлері мен жарық қою жөніндегі суретшілеріне арналған шеберлік дәрісі өтеді. Бұл туралы astana.kz жазады.

  • 11 Тамыз 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz

Тренингті Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен АҚШ Елшілігі бірлесе ұйымдастыруда. Іс-шараға концерт залдарындағы дыбыс режиссерлері мен жарық қою жөніндегі суретшілер, мәдениет сарайлары, театр, цирк және түрлі студиялардан келетін шығармашыл тұлғалар қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз саласында пісіп-жетілген, нағыз майталмандардан тәжірибе алуға мүмкіндік беретін бірегей шара. Өз тәжірибесімен бөлісуге америкалық сарапшылар мен практиктер дайын: Джули Добо ханым — «Company E» техникалық директоры, Пол Эмерсон мырза —  «Company E» арт директоры.

Семинарға астаналық цирк, театр және концерт залдарының қызметкерлері де қатысады.