Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахмардан Әбіловтің камералық-вокалдық концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахмардан Әбіловтің камералық-вокалдық концерті өтті

Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахмардан Әбіловтің камералық-вокалдық концерті өтті

Астанадағы Павлодар облысының мәдениет күндері аясында бүгін елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахмардан Әбіловтің шығармашылық кеші өтті.

  • 26 Қазан 2011
  • 523
Фото - Caravan.kz

Ш. Әбіловтің есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де әйгілі. Өнердегі өзіндік ерекшелігімен, қайталанбас шығармашылық бет-бейнесімен тыңдаушының жүрегін жаулап алған Шахмардан Әбілов еліміздегі музыка мәдениетінде ерекше орын алады.

Әншінің шығармашылық репертуарында қазақстандық композиторлар Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов, М. Сағатов, Б. Аманжоловтардың Абай өлеңдеріне жазылған вокалдық шығармалары басты орынды иеленеді. Концерт кезінде астаналықтар әншінің орындауындағы А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы — Абай, Е. Рахмадиевтің «Абылай ханында» — Бұхар жырау, Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» — Ер Тарғын, сондай-ақ камералық-вокалдық классиканың әлемдік үлгілері — Дж. Вердиде — Риголетто, Амонасро, Жермон, Граф ди Луна, Н. Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» шығармасында — Грязной партияларын тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Оның халыққа барынша танымал еткен концерті Лондондағы Барбикан-холлда корольдік камералық оркестрмен берген концерті болды. Бұл жайлы Би-би-си тілшісі: «Лондон Сити орталығында XI ғасырдағы шіркеуде концерт беріп, тек қана әлемдік танымал жұлдыздардың келгеніне дағдыланған қаладан осынша көп тыңдарман жинау, бұл теңдесі жоқ құбылыс болды», деп жазса, БҰҰ-ның «Бейбітшілік ісі үшін» сыйлығының иегері, белгілі әнші Осман Тюркай: «Бұл Қазақстандағы баламасы жоқ ұлттық құндылық», деп бағалады.

Ш. Әбілов өнерінің жарқын тұстары Париждің Плейель залында, Винченсо, Берлин, Тель-Авив, Мәскеудегі Ресей Композиторлар одағы және П.И. Чайковский атындағы консерваторияның кіші залында өтті. Гастрольдік сапармен Лондон, Париж, Тель-Авив, Хельсинки, Венеция, Вена, Стокгольм, Берлин, Мәскеу, Ыстамбұл, Анкара, Улан-Удэ, Киев, Минск, Вильнюс, Таллинн, Ташкент, Бішкек, Уфа, Баку, Қазан т.б. әлемнің әйгілі қалаларында өнер көрсетті.

Перейти к новостям спорта