Астанада "Қазақстанның мұнайы мен газы-2005" халықаралық көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Қазақстанның мұнайы мен газы-2005" халықаралық көрмесі өтеді

Астанада "Қазақстанның мұнайы мен газы-2005" халықаралық көрмесі өтеді

12-14-сәуірде Астанада "Қазақстанның мұнайы мен газы-2005. Мұнайгаз кешенінің жабдықтары мен сервистік индустриясы" атты халықаралық көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін, 8-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің "ФЭРЭКС АГ" көрме орталығының директоры Алла Троценко хабарлады.

  • 8 Сәуiр 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

А.Троценконың айтуынша, көрмеге Қазақстан, Германия, Қытай, Нидерланды, Ресей және Украинадан 100-дей компания қатысады. Олар мұнай және газ өнеркәсібіне арнап құрал-жабдықтар жасап, қызмет көрсетуші компаниялар.

ҚР индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық және ғылыми-техникалық даму департаментінің қорғаныс өнеркәсібін дамыту және талдау бөлімінің бастығы Ержан Тегіновтың айтуынша, «көрмеге қатысушылардың дені жер қойнауын пайдаланушыларға кеңінен таныс, сол себепті көрме көбінесе батыс технологиялары мен білімін алудан мүдделі қазақстандық машина жасаушы кәсіпорындар үшін өткізіліп отыр».
Сонымен бірге көрме аясында «Қазақстан инжиниринг» компаниясы еліміздегі Павлодар ауыр машина жасау зауыты, «Мұнаймаш» сынды кәсіпорындарды таныстырады.
Көрме аясында еліміздегі мүдделі министрліктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. А.Троценконың пікірінше, «мұнай қабаттарының мұнай өнімділігін арттыру және мұнай ұңғыларын жөндеу» тақырыптарына арналған баяндамалар мамандардың айрықша қызығушылығын тудырмақ.

Перейти к новостям спорта