Форумға Санкт-Петербург қаласының губернаторы Валентина Матвиенко, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен екі ел кәсіпкерлері қатысуда.
Форумның ашылуында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптес екендігі, екі елде де шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударылып отырғандығы атап көрсетілді.
Форумға қатысушылар сондай-ақ, өзара ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарының молдығына тоқталды. Екі мемлекет экономикасының салыстырмалы артықшылықтарын ескеретін бірлескен жобаларды айқындаудың, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасып отырудың қажеттігі айтылды. Өзара ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосып отырған табысты жобалар ретінде былтыр құрылған «Қазақстан-КамАЗ», «Агромашхолдинг» және «Азия-Авто» Бірлескен кәсіпорындары аталды.
Форум аясында Санкт-Петербург және Астана қалаларының сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделіп отыр.