Астанада Қазақстан-Ресей бизнес-форумы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан-Ресей бизнес-форумы ашылды

Астанада Қазақстан-Ресей бизнес-форумы ашылды

Астанада Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласының губернаторы Валентина Матвиенконың Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 17 Ақпан 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Форумға Санкт-Петербург қаласының губернаторы Валентина Матвиенко, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен екі ел кәсіпкерлері қатысуда.

Форумның ашылуында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптес екендігі, екі елде де шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударылып отырғандығы атап көрсетілді.
Форумға қатысушылар сондай-ақ, өзара ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарының молдығына тоқталды. Екі мемлекет экономикасының салыстырмалы артықшылықтарын ескеретін бірлескен жобаларды айқындаудың, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасып отырудың қажеттігі айтылды. Өзара ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосып отырған табысты жобалар ретінде былтыр құрылған «Қазақстан-КамАЗ», «Агромашхолдинг» және «Азия-Авто» Бірлескен кәсіпорындары аталды.
Форум аясында Санкт-Петербург және Астана қалаларының сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар