Астанада "ҚазРосГаз" ЖАҚ мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Әзербайжанға газ беру туралы келісім-шартқа қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "ҚазРосГаз" ЖАҚ мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Әзербайжанға газ беру туралы келісім-шартқа қол қойылды

Астанада "ҚазРосГаз" ЖАҚ мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Әзербайжанға газ беру туралы келісім-шартқа қол қойылды

2-наурызда Астанада "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ-ның орталық кеңсесінде "ҚазРосГаз" ЖАҚ мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Әзербайжанға 2004-жылы 4,5 млрд. текше метр қазақстан газын беру туралы келісім-шартына қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2004
  • 592
Фото - Caravan.kz

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына орайластырылған келісім-шартқа қол қою рәсіміне «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин қатысты. Келісім-шартқа «ҚазРосГаз» ЖАҚ-ның бас директоры Әнуарбек Арғынғазин мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев қол қойды.

«ҚазРосГаз» ЖАҚ үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап газ жөнелтуді қолға алған. Өткен екі айда Әзербайжан елімізден 1 млрд. текше метр газ импорттады. Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы қазақстан газының 1 мың текше метрін 52 долларға сатып алуда. Әзербайжан рыногының шетелдік газға жылдық сұранысы 6 млрд. текше метрді құрайды. Қазіргі жағдаймен Қазақстан Әзербайжанға көгілдір отын экспорттап отырған жалғыз ел болмақ.

Соңғы жаңалықтар