Ұлттық комиссияның төрағасы Болат Өтемұратовтың айтуынша, мәжілісте саяси жүйені реформалау және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысты басты көзқарастар, жобаның құрылымы мен тұжырымдамалық бағыттары, мемлекеттік басқаруды бір орталыққа бағыныштылықтан арылту және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, ҚР парламентінің ролін арттыру, қылмысқа күдіктіні тұтқындауға санкция беру құқығын соттарға беру тәртібін енгізу, елімізде аралық би соттарын енгізу мәселелері сарапқа салынады.
Құрылғалы шамалы уақыт қана өткен Ұлттық комиссия «қазірдің өзінде оң бағаға ие болды. Оның жұмысын тек республикадағы саяси күштер ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар мен азаматтар да жіті қадағалау үстінде»,- деді отырысты ашқан Б.Өтемұратов.