Астанада қоғамдық экологиялық кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қоғамдық экологиялық кеңес құрылды

Астанада қоғамдық экологиялық кеңес құрылды

АСТАНА. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада қоғамдық экологиялық кеңес құрылды. Бұл жөнінде Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов хабарлады.

  • 3 Тамыз 2006
  • 446
Фото - Caravan.kz

М.Рахымбергеновтың айтуынша, бұдан былай экологиялық мәселелерге қатысты қабылданатын кез -келген шешім экологиялық кеңесте қаралатын болады.

Атап айтқанда, қоршаған ортаны пайдалануға рұқсат тек осы кеңестің мақұлдауынан кейін ғана беріледі.»Қоғамдық тыңдалым өткізіліп, онда қоршаған ортаны пайдаланушы қанша эмиссия және қандай мақсатта жұмсайтындығын жәрия етуі керек, одан кейін біз өкілетті орган ретінде тиісті шешім қабылдаймыз»,-дейді М. Рахымбергенов.

Басқарма бастығының сөзіне қарағанда, кеңес құрамына 15 адам кірген: эколог мамандар, экология міселесімен шұғылданып жүрген ғылыми мекеме өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері.

Перейти к новостям спорта