Астанада қостанайлықтардың жәрмеңкесі өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қостанайлықтардың жәрмеңкесі өткізілуде

Астанада қостанайлықтардың жәрмеңкесі өткізілуде

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында демалыс күндері тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл жолы Қостанай облысының тауарөндірушілері өз өнімдерін ұсынды. 

  • 7 Тамыз 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Осылайша азық-түлік өнімдерінің түрімен және баға саясатын білу мақсатында қала әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкеге барды. Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов Астана қаласының әкімін өңірдің ауыл шаруашылығы секторымен таныстырды, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Шара бағдарламасында отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауыл шаруашылығы кешеннің жетістіктері көрсетілді. 

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, екі күн бойы облыстың 3 қаласынан, 11 ауданнан 50-ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімін сатуда. Атап айтқанда: Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Наурызым, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары, Аркалық, Рудный, Қостанай қалалары. 

Жалпы 650 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 72 т, нан және тоқаш өнімдері – 70 т, ұн – 93 т, 72 мыңнан астам дана жұмыртқа. 


Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.  

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.