Жарияланды: 400

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов АӨСШК атқарушы директоры Ч.Алдемирді қабылдады

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АӨСШК атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады,

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы белгілеп айтқандай, АӨСШК бастамасы әлемдік қауымдастықта беделге ие болып, тиісті жалғасын табуда, бұл үдерістің БҰҰ аясындағы Орталық Азиядағы лаңкестікпен күрес, Ауғанстан жөніндегі жұмыс топтарына және ЕҚЫҰ-ның превентивті дипломатия мен шиеленістердің алдын алу жөніндегі жұмыс тобына қосылуы осының дәлелі. Кеңестің қазіргі төрағасы - Түркия жайлы айтып өткен Е.Қазыханов АӨСШК үдерісіне қатысты ресми Анкараның қолдауына жоғары баға берді. Ал жақында Түркия Президенті Абдулла Гүл Австриядағы мемлекеттік сапары барысында АӨСШК-тегі қазіргі түрік төрағалығының негізгі жорамалдары мен басымдықтары туралы жасаған тұсаукесері Кеңестің қазіргі көшбасшысының жұмысына айқын мысал бола алады. Кеңестің қазіргі қызметіне тоқталып өтіп, тараптар Нью-Йоркте күзде өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті отырысында АӨСШК-тің ресми емес СІМК-ін шақыру жайындағы Түркияның төрағалық аясындағы ұсынысын қарастырып, талқыға салды. Кездесу барысында қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы 28-30 маусым аралығында Астанада өтетін ИКҰ СІМК-нің алдағы 38-інші отырысының күн тәртібімен таныстырды, отырыстың ұраны «Бейбітшілік, Әріптестік және Даму» болмақ, сонымен қатар ИКҰ мүше-мемлекеттері министрлерінің осы Ұйымның қалыптасуы мен дамуы үшін тарихи маңызы бар шешімдерді қабылдауы жоспарланғанын айтып өтті. Қазіргі таңда АӨСШК-ке азиялық континенттің 24 мемлекеті мүше болып табылады, ал бақылаушы мәртебесіне 8 ел ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін