Астанада ҚР үкіметінің жаңа премьер -министрінің кандидатурасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҚР үкіметінің жаңа премьер -министрінің кандидатурасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Астанада ҚР үкіметінің жаңа премьер -министрінің кандидатурасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін , 13-маусымда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды . Онда ҚР үкіметінің жаңа премьер -министрінің кандидатурасы талқыланады деп күтілуде,- деп хабарлайды Астанадан KZ-today тілшісі. Бірлескен отырысқа қазіргі жағдаймен сенаттың 35, мәжілістің 74 депутаты қатысып отыр. ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай отырысты өткізуге қажетті кворум қалыптасты деп хабарлады.

  • 13 Маусым 2003
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы шешім ҚР үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың Жер Кодексіне байланысты өзін қызметтен босату туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдіруіне байланысты қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының өтінішін қабыл алған.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар