Бұл келісімдерде жаңа технологиялар жасау, жабдықтар өндіру, өндірістік өнімдердің қазіргі заманғы үлгісін жасап шығаруға қатысты бағдарламаларды жүзеге асырушы компаниялармен арадағы әріптестік мәселелері қарастырылады.
Қазір «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансОйл», «Қазатомпром», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «КЕГОК» тәрізді бірқатар ұлттық компаниялар «Қазақстан инжиниринг» компаниясымен әріптестік туралы келісім жобасын қарауда.
Д.Ахметов еліміздің машина жасаушыларының даму институтарымен тиісті деңгейде жұмыс істемеуі, көбісі ескі құрал-жабдықтардың кесірінен шетелдік өнімдер түгілі ішкі рынокта да бәсекелестікке қауқарсыздығы, соның салдарынан олар өндірген өнімге сұраныстың жоқтығы секілді деректерге кеңеске қатысушылардың назарын аударды.
Талқылау нәтижесінде үкімет басшысы тиісті министрліктерге биылғы жылдың маусым айына дейін машина жасау саласын қайта құру, жекелеген кәсіпорындар негізінде шетелдік жетекші компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру, ал бәсекелестік қабілеті бар өнімдер өндіруге қауқарсыз кәсіпорындарды банкроттық процедурасына салу немесе жекешелендіру жөніндегі бағдарлама жобасын жасауға тапсырма берді.