Жарияланды: 370

Астанада "Қуат" компаниясының 500 қызметкері жұмыссыз қалды - телеарна

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Қуат" компаниясының 500 қызметкері жұмыссыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"500 құрылысшы жұмыссыз қалды. Олар аты дардай "Гранд Астана" элиталық тұрғын үй кешенін салып жатқан. Қазанда кірпіш қалаушылар, ағаш шеберлері мен прорабтарды құрылыс материалдарын сатып алатын қаржы таусылғанынан хабардар еткен. Ал жұмысты өзіне жүктеп алған жаңа фирманың басшылығы жалақы берешегін өтеуге қауқарсыз болып шыққан", - деп хабарлайды телеарна. "Супер Аккорд Астана" ЖШС директорының орынбасары Гумар Хасановтың айтуынша, "150 млн теңге көлеміндегі берешекті өтеу мерзімі осымен екінші ай кейінге шегеріліп отыр. Ал Астанада пәтер жалдап тұрып жатқан құрылысшылар қарызға батып бітті, жалақысын алмай үйлеріне қайтуға да ұяты жібермейді". КТК мәліметінше, "нысанның бұдан кейінгі тағдыры "Гранд Астана" құрылысына инвестиция жұмсаушы банкке байланысты. Банк $17 млн бөлуге тиіс. Жұмысты жалғастыру, немесе, жалғастырмау қаржыға ғана байланысты". "Жұмыстың жандануын құрылысшылар ғана емес үлескерлер де асыға күтуде. Олар жаңа пәтерлерге өткен көктемде қоныстануға тиіс болатын", -делінген сюжетте. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін