Астанада құбыр монтаждауда озық технологиялар мен жаңа материалдар пайдалануға арналған семинар-кеңес өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада құбыр монтаждауда озық технологиялар мен жаңа материалдар пайдалануға арналған семинар-кеңес өткізілуде

Астанада құбыр монтаждауда озық технологиялар мен жаңа материалдар пайдалануға арналған семинар-кеңес өткізілуде

Бүгін, 16-наурызда Астанада су және көгілдір отын қамтамасыздығы жүйесінде орта қысымды құбыр монтаждауда озық технологиялар мен жаңа материалдар пайдалануға арналған семинар-кеңес өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Наурыз 2004
  • 600
Фото - Caravan.kz

Семинар аясында «ШевронТексако» компаниясына қарасты Атырау полиэтилен құбыр зауытының өнімдері — түрлі диаметрлі және тығыздығы жоғары полиэтилен құбырлар мен оларды өзара жалғауға арналған түрлі пішінді фиттинглер қойылды. Кеңеске қатысушылар құбырларды дәнекерлеу кезінде улы заттар бөліп шығармайтын экологиялық қауіпсіз процесске негізделген қазіргі заманғы жабдыққа ерекше қызығушылық танытты.

Кеңес барысында сатып алынатын материалдардың сапасы мен қабылданған стандарттарға сәйкестігіне баса назар аударылды. Атырау полиэтилен құбыр зауытының бас менеджері Меңдіғали Саппаевтың айтуына қарағанда, «құрылыс компаниялары мен мердігерлік ұйымдар ТМД және Қытай елдерінен сапасы төмен материалдар сатып алады, олардың сапасы мен қасиеттері құбыр жүйесінің қауіпсіздігі мен олардың ұзақ мерзімге пайдаланылу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмай отыр». Оның айтуынша, зауыт сапа менеджмент жүйесінің халықаралық ИСО 9001:2000 стандарты талаптарына сәйкестікке байланысты сертификаттық аудиттік тексеруден өткен. «Бұл дегеніңіз, өнім сапасына тікелей зауыттың өзінде орналасқан әрі шикізат пен өнімнің сапалық көрсеткіштерінің стандарт талабына сәйкестігін бақылайтын мамандандырылған зертхана кепілдік береді деген сөз»,- деді М.Саппаев.
Семинар-кеңеске Бельгияның «BP Solvey», Германияның «Friatec» және АҚШ-тың «McElroy» мұнайхимиясы концерндерінің менеджерлері, министрліктер, мекемелер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, құрылыс және өндірістік компаниялардың, коммуналдық қызметтердің, жобалау институттарының, газ тарату компаниялары мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысуда. Жалпы алғанда семинар жұмысына 100-ден астам адам шақырылған. Шараны ҚР индустрия және сауда министрлігі мен «ШевронТексако» компаниясына қарасты Атырау полиэтилен құбыр зауыты бірлесіп ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар