Мекеме ақпаратына сәйкес, 4-шілдеде 19 сағат 58 минутта “Радуга” атты салынып жатқан тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары барысында 8-қабаттан 22 жастағы жұмысшы құлап қаза тапты.
Сонымен бірге Таразда “Орынбаев Д” атты жеке кәсіпорынның наубайханасында 23 сағатта қамыр бөлгіш аппаратты тазарту жұмыстары кезінде 18 жастағы жұмысшы жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.