Астанада құрылыс краны құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада құрылыс краны құлады

Астанада құрылыс краны құлады

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде мұнаралы кран құлады.

  • 19 Маусым 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

BI Group құрылыс компаниясы 18 маусымда сағат 19:28-де ауа райы қолайсыздықтары мен қатты жел салдарынан Greenline Asul mura тұрғын үй кешені, С блогы құрылыс алаңы аумағында кран құлағанын хабарлады.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан Д блогының қасбеті шамалы зақымданды. Жақын арада қасбетті қалпына келтіру жұмыстары басталады. Қалған мәлімет қызметтік тергеу аяқталған соң белгілі болмақ. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, оқиға туралы құзырлы органдардың өкілдері хабардар етіліп, шақырылды", — деп толықтырды компания.