Жарияланды: 430

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласындағы Мирзоян мен Момышұлы көшелерінің қиылысында "Алтын Райд" тұрғын үй кешенінің аумағында 9 қазанда сағат 10.58-де құрылыс жұмыстары кезінде ғимараттың жоғарғы қабатынан "Тамыз Инвест Групп" ЖШС-нің жұмысшысының үстіне темір балка құлады. Жарақат салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін