Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Алматы ауданында «Меруерт» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. 26-қарашада 16 сағат 22 минутта құрылыс жұмыстары кезінде «МГТ-Астана» ЖШС-нің 30 жастағы жұмысшысы 9-қабаттан құлап, ауруханада жарақат салдарынан қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті