Астанада қылмыс орнын дәл анықтайтын технология таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қылмыс орнын дәл анықтайтын технология таныстырылды

Астанада қылмыс орнын дәл анықтайтын технология таныстырылды

ҚР Бас прокуратурасы құқық қорғау комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев қылмыс орнын дәл анықтайтын ноу-хау жайлы айтып берді.

  • 10 Шiлде 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Қазір екі жүйе негізінде жұмыс жасаймыз — «тәуекелдер картасы» және «ақылды есеп». Осы жоба шеңберінде «құқық бұзушылықтар картасы» модулін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Модульде «ақылды торуыл» жобасын құрамыз, сөйтіп «құқық бұзушылықтар картасын» одан әрі жетілдіре түсеміз, «Е-куәгер» камерасын интеграциялаймыз. Мұның қандай маңызы бар? Полицейлердің қылмыс іздеу  маршруттарын анықтау үшін қылмыс жасалу тәуекелі бар аймақтарды, уақытын және басқа да фактілерін көрсететін модуль құрылады»,- деді Бас прократурада Қ.Жақыпбаев әріптестеріне.

Ол «Құқық бұзушылықтар» жүйесін анықтау үшін қылмыс орны мен уақыты дәл көрсетілген ақпаратты алу аса маңызды  екенін атап өтті.

«Қылмыс туралы мәліметтерге сүйене отырып, «құқық бұзушылықтар» картасының белгілі бір орын маңында шоғырланғанын көреміз, оны бейнелі түрде «қылмыс ошақтары» деп атауға болады. Қылмыс жақын маңдағы басқа орында болса, тергеушілер қылмысты зерттегенде, қылмыс орны деп сол маңдағы үйді көрсетеді. Мысалы, «Әнші фонтан» жанында қалта ұрлығы орын алғанда, карта «Нұрсая» тұрғын үй кешенін көрсетті,- деп атап өтті Бас прокуратура өкілдері.  


Оның сөзінше, жаңа технологиялар өте қарапайым түрде қолданылатын болады.

 «Енді  тергеушілер «құқық бұзушылықтар» картасына кіріп, оқиға орнын таңдаса, жаңа технологиялар қылмыстың орнын сантиметріне дейін дәл көрсетіп береді. Сәйкесінше, бұл қаланың қауіпсіздігін дұрыс жоспарлауға алып келеді»,- деп атап өтті Қ.Жақыпбаев.