Астанада Қытайдың кино апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қытайдың кино апталығы басталды

Астанада Қытайдың кино апталығы басталды

Өткен сенбі, қазанның 2-сі күні Астанадағы «Сарыарқа» кино театрында, Қытайдың қазақстандағы кино апталығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қазан 2010
  • 632
Фото - Caravan.kz

Қытай Халық Республикасының құрылғанының 61 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шара қазанның 6-сына дейін Астана жұртшылығын Қытайдың таңдамалы киноларымен сусындатпақшы.

«Қазақстан мен Қытай халықтарының достығының тарихы тереңде жатыр. Қытай Қазақстанды өзінің сыртқы саяси қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде біледі. Екі ел достығының арқасында мәдени байланысымыз да арта түспек. Бұл кино апталығында сіздер Қытайдың өткен тарихы мен қазіргі заманғы тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ бай мазмұнды Қытай мадениетімен таныса аласыздар», — дейді фестивальдың ашылуында сөз сөйлеген, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Ли.

Перейти к новостям спорта