Астанада қытайлық өнерпаздар гала-концерт өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қытайлық өнерпаздар гала-концерт өткізеді

Астанада қытайлық өнерпаздар гала-концерт өткізеді

30 қаңтарда Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік және келісім» сарайында «ШаолиньТагоу» жауынгерлік өнер мектебінің оқушыларының қатысуымен «Көңілді көктем мейрамы» атты гала-концерті өтеді,

  • 28 Қаңтар 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады astana.kz

Бұл дәстүрлі шара Қытай жаңа жылы қарсаңында Астанада қатарынан 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Көктем мейрамы — аспан асты елі үшін көне әрі басты дәстүрлі мейрамның бірі. «Сондықтан, Қытай елшілігі қазақстандықтарды, қытай азаматтарын және өзге елшіліктер өкілдерін мерекені көңілді көңіл- күймен бөлісуге шақырады», делінген хабарламада. 

Гала-концертте «Чжэнчжоу» би және ән театрының әртістері өнер көрсетеді. Ал «ШаолиньТагоу» жауынгерлік өнер мектебінің оқушылары қазақстандық көрермендер алдында дәстүрлі қытай билерін орындап, Шаолинь Кунг-Фу өнерін көрсетеді. Концертте у-шу шеберлерлік әдістері көрсетіліп, Эрху, Суона аспаптары ойнатылады.