Астанада қызды тепкілеген каратистің әкесі қызметінен кетіп тынды! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қызды тепкілеген каратистің әкесі қызметінен кетіп тынды!

Астанада қызды тепкілеген каратистің әкесі қызметінен кетіп тынды!

Тентек ұлы үшін әкесі лауазымды қызметінен қуылмақ! Астанадағы кинотеатрлардың бірінде кассир қызды тепкілеген жігіттің әкесі премьер-министрдің кеңсесіндегі жұмысынан босату жайында өз еркімен арыз жазып берді.  

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бас инспектор боп істейтін Болат Туракелдиевтің осылайша саяси карьерасына қара дақ түсті. Әкесінің еңбек кітапшасын бүлдірген 22 жастағы ұлы Қуаныш Туракелдиев. Шатылып жатқан жігіт шетелде оқиды екен. Ал Астанаға каникулға келіпті. Шенеуніктің ерке ұлынан таяқ жеген қыздың есімі де белгілі болды. Ол 21 жастағы Меруерт Керімбердиева .Меруерттің  сатқан сусыны жанындағы ғашығына ұнамай, аяқ көтерген Қуаныш енді сол сәт есімде жоқ деп ақталып бағуда. Қоғамдық орында бұзақылық жасаған кіші Туракелдиевті 4 миллион теңге айыппұл салынып немесе 2 жылға тұрмеге қамалуы мүмкін. Қазір «каратист»жігіт изоляторда қамауда отыр. Тіпті әкесі жеке адвокатта жалдамаған, мемлекет тарапынан берілген заңгердің қызметін пайдаланып жатыр екен.

Аскар Үсенбаев, Қуаныш Туракелдиевтің адвокаты:

— Негізі баласы үшін әкесі жауап бермейді. Бірақ, Болат Туракелдиев қоғамдық пікірді ескере отырып, жұмыстан кетуді жөн санады. Қуаныштың әкесі тергеуге кедергі келтірмек түгілі, араласудан да бас тартып отыр. Ал Қуаныш каратэмен айналыспағанын айтқым келеді.

Соңғы жаңалықтар