Сөйтіп, «бұзақылық» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс ақыры жабылып тынды. Естеріңізге салсақ, оқиға өткен айда болған. Кинотеатрға ғашығымен келген бай баласы бармен қыздың сатқан сусынын жақтырмай жұдырық ала жүгірген еді. Бақылау камерасына жазылған бұл жәйт ғаламторға тарап, күллі елдің жағасын ұстатты. 22 жастағы Қуаныш Турагелдиев премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Турагелдиевтың ұлы екенін айта кетейік. Осы дау-дамайдан кейін шенеунік қызметінен де кеткен болатын.