Астанада радиожиіліктерді тарату жөніндегі комиссияның отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада радиожиіліктерді тарату жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астанада радиожиіліктерді тарату жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астанада еліміздің төрт қаласында телехабарлар таратуға жиілік беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

Отырыс соңында ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтың журналистерге хабарлағанындай, комиссия АСТВ компаниясына Шымкент қаласында жиілік бөлу туралы шешім қабылдаған. Мұндай шешім үшін 19 комиссия мүшесінің 15-і қолдап дауыс берген. Сондай-ақ, АСТВ Павлодар (комиссияның 13 мүшесі қолдап дауыс берді), Атырау(14 дауыс) және Алматыдағы (15 дауыс) жиіліктерді жеңіп алды.

С.Әбдірахмановтың түсініктемесіне жүгінсек, «комиссия мүшелерін астаналық телеарнаны қолдап дауыс беруге итермелеген басты себеп, еліміздің медиа-кеңістігінде Елордасының иемденген үлесінің тым шектеулілігіне байланысты болмақ».
Министрдің пайымдауынша, еліміздегі телеарналарда көбінесе республикалық деңгейдегі ресми шаралар мен жиналыс-отырыстар ғана көрсетіледі. Ал шын мәнінде «Астанада қауырт науқандар атқарылып, үлкен жұмыстар тындырылуда. Сол себепті халық Елордасының тыныс-тіршілігінен кең көлемде хабардар болып отыруы тиіс».
Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, еліміздің әрбір ірі қаласында сандық хабар тарату мүмкіндігіне бір-бір теле- және радиожиілік сақтап қалу туралы комиссия шешіміне сәйкес, тендерге шығарылған бір қаладағы жиілікті қарау мәселесі күн тәртібінен алынды. «Қарағандыда бір ғана арна қалғандықтан біз бұл қаладағы жиілік туралы мәселені бүгін қарамауға шешім қабылдадық»,- деді ол .
Министрдің паймдауынша, «еліміздегі жиілік ресурсы өте шектеулі болғандықтан қазір күрделі жағдай қалыптасып отыр».
Журналистер сауалына жауап берген С.Әбдірахмановтың хабарлауынша, «Рауан Медиа Груп» телекомпаниясы жиілікке өткізілген тендерде жеңіске жете алмады. Оған себеп, компаниядан келіп түскен медиа-жоспар компанияның көңілінен шықпаған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, бұл компания тарататын хабарларының 25 проценті жайындағы ақпаратты ғана ортаға салған. Дегенмен, ақпарат министрінің айтуынша, «бұл комиссияның соңғы отырысы емес, сол себепті бұдан басқа да тендерлерге қатысуға әркімнің құқығы бар».

Соңғы жаңалықтар