Астанада Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 7-отырысы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 7-отырысы өтіп жатыр

Астанада Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 7-отырысы өтіп жатыр

Бүгін, 15-тамызда Астанада Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 7-отырысы өтуде деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2003
  • 503
Фото - Caravan.kz

Ресейлік өкілдерді осы ел үкімет басшысының орынбасары Виктор Христенко, Беларусь өкілдерін үкімет басшысының орынбасары әрі экономика министрі Андрей Кобяков, Украиналық өкілдерді үкімет басшысының орынбасары әрі қаржы министрі Николай Азаров, ал Қазақстандық өкілдерді вице-премьер Сауат Мыңбаев басқарады.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың жетекшілерін қабылдайды деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 23-ақпанында Мәскеу қаласында төрт мемлекеттің президенттері экономикалық интеграциялану құбылысының жаңа сатыға көтерілгенін мәлімдеп, жоғары дәрежелі бірлескен жұмыс тобын құрған.
Мемлекет басшыларының шешімімен жоғары дәрежелі топтың жұмыс органы Киевте орналасқан.
Жоғары дәрежелі топ өз жұмыстарының нәтижесінде Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің жобасын 2003-жылдың қыркүйегіне дейін дайындауға тиіс. Сондай-ақ, бірқатар бағыттарда әр елдің экономикалық саясатын өзара сабақтастыру , осы саладағы заңдарды өзара үйлестіру, сауда-саттық және тариф жөніндегі мемлекетаралық тәуелсіз, әрі ортақ реттеуші экономикалық комиссияны құру тәрізді шараларды жүзеге асыруы тиіс. Топ жұмысының ақырғы мақсаты- аймақтық интеграциялық ұйымды түбегейлі құру болып табылады.
Жоғары дәрежелі топтың алғашқы отырысы 2003-жылдың 17-18 наурызында Киев қаласында өтті.

Соңғы жаңалықтар