Полиция департаментінің мәліметінше, ғимаратты тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмаған. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.
"Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады. Іс-шара эвакуациясыз өткізіліп қауіп жойылды. Жедел іздестіру шарасы кезінде Астана полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратқан адамды анықтады", — деді Астана полиция департаментінің ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдеген.
Ювеналды полицияның инспекторлары баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Заңды өкіліне қатысты әкімшілік сипаттағы шара қолданылады.